01/08/2025  Жұма
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 20 қарашасында Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде құжаттандыруды жетілдіру және құжаттарды қалыптастыру тәртібібойынша семинар өткізілді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне орай 2019 жылы 21-26 қарашада қала мектептерінің 7-8 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі патриоттық сабақтар өткізілді. (16 сабақ, 240 оқушы қатысты).

В Казахстане отменят адресные справки

2019 жылы 26 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Балқаш филиалында мемлекеттік архив қызметкерлері түсіндіру жұмысы аясында қызметкерлерге «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немеме архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізді.

Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізуіне байланысты 2019 жылдың 23 мамырынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша «Туған жер тұлғалары» ақпараттық жобасы аясында Балқаш қаласының мемлекеттік архиві М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар Академиясының және Айтматов академиясының академигі Бақытжан Қауасханұлы Майтановтың жеке қорының тұсаукесерін өткізді.

Мемлекеттік архив Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырды. Көрме достық пен ынтымақтастық, қала халқының бірлігі мен тұрақтылықтығына бағытталды.

Ұлы Отан соғысының ардагері Балқаш қаласының Құрметті азаматы – Николай Иванович Липовканың 100 - жылдығына орай «Есімі қала тарихында» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

2019 жылы 30 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамының Балқаш филиалында мемлекеттік архив қызметкерлері түсіндіру жұмысы аясында қызметкерлерге «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізді. Қызметкерлердің назарына мемлекеттік архив қорларының жаңартылған тізімі ұсынылды.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында мемлекеттік архивте «Наурыз – ұлыстың ұлы мерекесі» құжаттар мен фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кандидаттығын қолдау қоғамдық штабы базасында құрылған, «Отан» (бүгінде «Нұр Отан») партиясының алғашқы конференциясына 20-жыл толуына орай «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Балқаш қаласының мәслихатының 25 жылдығына «Балқаш қалалық мәслихаты: кеше бүгін» жылжымалы құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

2019 жылдың 5 наурызында Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде ведомстволық және жеке архивтерінің паспортизациясы бойынша оқу семинарықала кәсіпорындары мен мекемелерінің жауапты қызметкерлері үшін оқу семинары өткізілді.

2019 жылдың 4 наурызында Балқаш қаласының мемлекеттік архивіндеқұжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану мәселелері бойынша қала кәсіпорындары мен мекемелерінің жауапты қызметкерлері үшін оқу семинары өткізілді.

Алғыс айту күніне «Бір ел-бір тағдыр» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Архив қызметкерлері Алғыс айту күнімен Балқаш қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының 20 жылдығына арналған «Рахмет саған, туған ел»қалалықфорумына қатысты.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай жоспарға сәйкес,мемлекеттік архивте «Ауғанстанда от кешкен тағдырлар» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге алғаш рет Ауған соғысында қаза тапқан балқашттық жас жауынгерлер С.Нургалиев, А.Антоновтың архивтік құжаттары: әскерге шақырушылардың картасы, әскери бөлімнің бұйрық көшірмелері, туыстарына жазған хаттар, жараланған жауынгерлердің өлімі туралы мәліметтер, есімдерін есте сақтау бойынша Балқаш қаласының атқару комитетінің отырыс хаттамалары және фотолары ұсынылды. 2019 жылы 13 ақпанда қалалық тарихи - өлкетану музейінде «Ауғанстан-жүректегі жара» жауынгерлерлік қатысушыларымен көрме-кездесуі өтті.

Балқаштың алғашқы құрылысшысы, еңбек ардагері, инженер –энергетик, Балқаш қаласының Құрметті азаматы – Павел Иванович Петровтың 115 - жылдығына орай «Есімі қала тарихында» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Жастар жылына мемлекеттік архивте «Жастар – жарқын болашақ бастауы» құжаттар және фотоқұжаттарының тұрақты көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының қабылданғанына 20 жыл толу қарсаңында 21 желтоқсанда мемлекеттік архивте «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуы туралыжария талқылауесебін өткізді. Мемлекеттік архив құрылған сәттен бастап, негізгі қызметтік бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау болып табылады. 2015 жылдан бері бұл қызмет«Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты» арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентімен жүзеге асырылады.

27-30 қарашада мемлекеттік архивтеҚазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне орайқаланың колледж оқушыларына арналған дәстүрлі тарихи сабақтары өткізілді. «Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы» жеке архивтік қор топтамасы негізінде, Елбасының өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері қатардағы жұмысшыдан әлем танитын мемлекеттік қайраткерге дейінгі кезеңдері көрінді. Тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамуындағы Ел Президентінің маңызды рөл атқарғанына аса назар аударылды.

Page 5 of 7