2019 жылы 26 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Балқаш филиалында мемлекеттік архив қызметкерлері түсіндіру жұмысы аясында қызметкерлерге «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немеме архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 бұйрығымен «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына енгізілген өзгерістер талқыланды.
Көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» веб-портал арқылы жүгінген кезде типтік қателіктерге ерекше назар аударылды: жолдардың дұрыс толтырылмауы, қажетті мәліметтердің болмауы, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбауы. Сонымен қатар, осы мәселелердің бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.