18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай мемлекеттік архивте «АУҒАНСТАНДА ОТ КЕШКЕН ТАҒДЫРЛАР» тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Ауған соғысында қаза тапқан балқаштық жас жауынгерлер С.Нургалиев, А.Антоновтың архивтік құжаттары: әскерге шақырушылардың картасы, әскери бөлімнің бұйрық көшірмелері, туыстарына жазған хаттар, сонымен қатар батырлардың есімдерін мәңгі есте сақтау бойынша құжаттар және фотолар ұсынылды.