![]() |
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Балқаштың алғашқы мысының 80 жылдығына мемлекеттік архивте 21-23 қарашада колледж оқушыларына арналған «Мыс алыбының тарихы» тарихи- танымдық сабақтары өткізілді (20 сабақ, 300 оқушы қатысты ).Мақсаты: алғашқы бесжылдықтың бастауы болған-Балқаш мыс зауытының құрылысының негізгі кезеңдерін архивтік құжаттар негізінде көрсету.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында «Ұлттық әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»- екендігін айрықша атады. Саяси – қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнінің қарсаңында мемлекеттік архивте ағымдағы жылдың 30 мамырында көпсалалы колледж оқушыларына «Зұлмат жылдар халық жадында» тарихи сабақтары өткізілді.
2018 жылы 18 мамырда №4 кітапхана-филиалында ҚазКСР-ның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, радио және теледидар үздігі, Балқаш қаласының Құрметті азаматы-Жазбек Сатымбекұлы Төлендиновтің туғанына 90 жыл толуына орайқаланың құрметті азаматтары мен журналистері және техникалық колледж студентерімен кездесу өтті. Мемлекеттік архив Ж.С.Төлендиновтің архивтік өмірі мен қызметі айқындайтын «Есімі қала тарихында» құжаттар және фотоқұжаттар көрмесін ұйымдастырды.
2018 жылы 16-17 мамырда архив қызметкерлері М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында қалалық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне қатысты. Архивтік анықтаманы алу бойынша 7 адамға кеңестер берілді. Электронды үкімет веб-порталы арқылы келген өтініштерге түсіндіру тәртібі бойынша ұсыныстар берілді.
3-4 мамырда қала мектептерінің оқушыларына «Ерлікке тағзым» ерлік сабақтары өткізілді (8 сабақ, 120 оқушы қатысты ). № 290 «Қарағанды облысы Балқаш қалалық әскери комиссариаты», № 225 «Балқаштықтар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында» қорлары негізінде балқаштық жауынгерлердің майданға аттануы мен өтініштері, хаттары, қаланың батырлары, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың майданнан оралмай хабарсыз кеткені, өлімі туралы хабарламалармен толығырақ танысты. Сабақтарда оқушылардың назарларына бейнефильмдер көрсетілді.
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда Балқаш қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесінде 2018 жылы 16 наурызда архив қызметкерлері қала ұйымдарының бірінші төрағаларына «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы архивтік анықтамаларын беру мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарға 40 адам қатысты.
Бұрынғы архив қызметкерлерінің қатысуымен Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің 80-жылдығына орай, «Архив: кеше, бүгін» дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Архив басшысы А.Исабекованың сөйлеген сөзінде бүгінгі күнге дейін өңірдің архивтік қызметінің қалыптасу тарихы мен архив қызметі және архивтік құжаттардың қолдану, сақтау, басты міндеттерді атқаруда архивистер рөлі аталды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік архивте «Тарих.Тұлға.Елбасы.» құжаттар мен фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы «Даңғыл жол бастауы», «Елбасы бастаған даңқты Қазақстан», «Елбасы және Балқаш» бөлімдерінен көрінді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы төл тарихымызды таразылап, тұғыры биік тұлғалардың өнегелі өмірі мен ғибратты мұрасы арқылы өскелең ұрпақ бойына патриоттық рух сіңіру мақсатында мүмкіндіктерімізге кеңінен жол ашып отыр. Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – ертең жоқ екенін көрегендікпен болжаған Ұлт Көшбасшысы өзінің бағдарламалық мақаласында ұлт тарихын тану мен тұлғаларды дәріптеудің маңыздылығын нақты атап өтті. Елбасының бұл идеясы – халқымыз үшін тарихи мүмкіндікке ие болып отыр.
«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 28т. жүзеге асыруда Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде 2017 жылдың 7 қыркүйегінде қала мекемелері мен кәсіпорындарының жауапты қызметкерлері үшін архивтік анықтамасын дайындау және рәсімдеу бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинарға 18 адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай мемлекеттік архив және Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры архивтік құжаттар көшірмелері негізінде мемлекеттік архивте «Конституция - кемел келешектің кепілі. Конституция – основа стабильности государства» құжаттар мен фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.