Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізуіне байланысты 2019 жылдың 23 мамырынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.