2019 жылдың 20 қарашасында Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде құжаттандыруды жетілдіру және құжаттарды қалыптастыру тәртібібойынша семинар өткізілді.
Семинарға Ұлттық архив қорының жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен кәсіп орындардың жауапты тұлғалары қатысты.
Архивші Д.Серикбаева өз сөзінде 2016 жылдың 1 желтоқсанына басқарушылық құжаттаманы сақтайтын ведомстволық және жеке архивтердің паспорттарын жүргізу нәтижесі бойынша нұсқаулар берді,жеке құрам, тұрақты сақталатын істер, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер тізімдемесін құрастыруға, сақтау талаптарына кеңінен көңіл бөлді.
Архивші С.Халыкова құжаттарды мемлекеттік архивке тапсыру процессіне (құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, ғылыми- техникалық өңдеу т.б.)жете тоқталды.
Семинар қорытындысында құжаттандыру үрдісін жетілдіру бойынша пікірлерімен бөлісті. Семинар барысында мемлекеттік архив мамандары туындаған сұрақтарға нақты жауаптар берді.