![]() |
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|

Республика күні қарсаңында мемлекеттік архивте 2025 жылдың 22 қазанында Абай атындағы №2 мектеп лицейі оқушыларының қатысуымен 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Еңбек ардагері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы–Алихан Жангирович Жангировтың жеке тектік қорының тұсаукесері өтті. Мақсаты: ұлттық архив қорының құжаттарын толықтыру, қорқұрушының өмірбаяны мен еңбек жолындағы құжаттарын өскелең ұрпаққа насихаттау, оқушылардың адал еңбекке деген құштарлықтарын дамыту.
Іс-шара барысында А.Жангировтың зайыбы Н.Бурабаева мен баласы Л.Тулеукулова өз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға ардагердің бойындағы үлгілік қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын өнеге етті.
Сонымен қатар «Есімі қала тарихында» тарихи-құжаттық көрмесі ұсынылды.

2025 жылдың 25 қыркүйегінде мемлекеттік архивте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттары талқыланды.

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттама басқару комитетінің бастамасы аясында «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасына сәйкес Жұмысшы мамандықтар жылы, 1941-1945жж Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 80 жылдығына орай мемлекеттік архивте Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара мақсаты: архив құжаттарын насихаттай отырып өскелең ұрпаққа еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру, адал еңбекке деген құштарлықтарын дамыту Отанын сүйетін, саналы, білімді бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Іс-шараларға қорқұрушы Қазақ Кеңестік Республикасының еңбек сіңірген металлургі, Құрметті еңбек ардагері, ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісінің иегері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы-Т.Калиев, зайыбы Н.Калиева, шәкірті М.Кенбаев, «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш өңірі бойынша ардагерлер одағының төрайымы Б.Уалиева, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледж студенттері, ЖББ №1 орта мектебінің оқушылары, БАҚ өкілдері, қалалық «Orken-Media» телеарнасы қатысты.
Бағдарлама бойынша:



Халықаралық Архившілер күніне орай мемлекеттік архивте 9-13 маусым аралығында апталығы ұйымдастырылды: «Архив кеше және бүгін» ақпараттық сағат, құжаттардың ведомстволық сақталуы мәселелері бойынша семинар, политехникалық колледж студенттерінің қатысуымен экскурсия.

Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ш.Токтаева, А.Абсаликова ағымдағы жылдың 27-28 мамырында қаланың мемлекеттік мекемелеріне «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” АЖ жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстары аясында әдістемелік кеңестер беріп, мониторинг есебін жүргізді
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде 2025 жылдың 29 мамырында саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Жылдар жаңғырығы жадымызда" атты тарихи сабақ өтті, оған көпсалалы колледж студенттері қатысты.
Архивші В.Кушкенова архивтік құжаттар негізінде өткен ғасырдың 30- жылдардағы қасіретті оқиғалар - ашаршылық, депортация, Қарлагтың бөлімшелері туралы баяндады. Сабақ барысында Алжир және 1935 жылдан бастап белгілі әскери тұтқындарға арналған № 37 Балқаш лагерлері, Қазақ КСР –ның еңбек сіңірген дәрігері, бұрынғы Балқашлаг орталық лазеретінің бастығы- М.Қазбекова, сол уақытта жазықсыз жазаланған белгілі қайраткерлер: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев т.б. туралы айтылды.
Сабақ соңында студенттерге «Счастливая ты, Магрифа» атты деректі фильмі көрсетіліп, "Зұлмат жылдар халық жадында" тарихи құжаттар көрмесімен танысты.


Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру аясында Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттарының көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмысты жандандыру жолдары туралы» тақырыпта 2025 жылдың 12 мамырында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Балқаш қаласындағы филиалында семинар өткізді.
Қатысушылар жаңа архивтік қорлар Тізімімен таныстырылды. Архившілер В.Кушкенова мен Д.Беспугунова өз сөздерінде азаматтардың ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну кезінде туындайтын мәселелерге баса назар аударды.
Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің саны мен сапасын арттыру бойынша бірлесе отырып жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды және түсіндірме жұмыстарды БАҚ, әлеуметтік желілер, қызметалушыларға өзіне – өзі қызмет көрсету секторлары мен бұрыштары арқылы жүргізу ұсынылды.



Қала күніне орай мемлекеттік архивте Балқаш қаласының А.Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттеріне «Ерлікке толы тарихпен нұрлы болашаққа ұмтылған қала» атты тарихи сағаты өткізілді. Тыңдармандар архив материалдарының негізінде қала және Балқаш мыс балқыту зауытының алғашқы құрылыс кезеңі тарихымен танысты. Сабақ барысында көрсетілген құжаттық бейнефильм оқушыларға терең ой салды. Алғашқы құрылысшылардың ерлігі мен батылдығы олардың жан қиярлық еңбектері мен бірлестіктері арқасында шөлейт жерден индустриялық қала тұрғызылып, Қарағанды облысының мәдени орталықтары мен ірі кәсіпорындарының бірі болды.
Сабақтың мақсаты – Балқаштың алғашқы құрылысшыларының батылдығы мен еңбек ерлігі, өскелең ұрпаққа қала тарихының қаһармандық жолдары көрсетілді.
Сонымен қатар архив қоймаларына экскурсия жүргізіліп, студенттер назарына «Достықпен туған қала» тарихи-құжаттық көрмесі ұсынылды.