17/01/2025  Жұма
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Шайзада Рысқұлқызы Сыздықованың жеке архивтік қоры ашылды


Жергілікті ақын, сазгер, журналист Қуандық Мақсұтұлы Сәденов 11 қарашада     60 жасқа толды.
Қ.М.Сәденов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Жәмші кеңшарындағы Қызылтас тауының баурайындағы Бірлестік бөлімшесінде (қазіргі Жалаңтөс батыр ауылы) дүниеге келді.
1980 жылы Саран қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищенің «Еңбек және сызу пәнінің мұғалімі» мамандығын алады. Еңбек жолын 1980 жылы Ақшатау кен – байыту комбинатында слесарь лауазымынан бастады.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтының «Азаматтық  және өндірістік құрылыс» мамандығын бойынша бітірді.
1985 -1990 жылдар аралығында Балқаш кен – металлургия комбинатында  ағаш ұстасы болып еңбек етті. 1991-1999 жылдары «Балқаш өңірі», 2000-2002 жылдары «Сырлас» газеттерінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
2008 жылдан «Пульс» газетінде тілші болып еңбек етеді.
Қуандық Мақсұтұлы өнерді өміріне серік еткен жан. Мектеп жасынан өлең, ән жазады, 20-дан астам әннің авторы. Бүгінгі күні «Ақтоғай – ұлылар мекені», «Аяулы Жәмші – мекенім», «Ару Балқаш, әнім менің», «Туған жер», «Сағыну», «Ғашық сыры», «Алтын анам», «Жан әке», «Балапаным», «Қызылтас», «Сағыныш екен балалық», «Құстар қайтып барады» әндері, «Рухани жаңғыру» гимні сазгердің туған жеріне деген перзенттік борышы, махаббатынан, сағыныштан туғандығы әндер сөзінен байқалады, радиодан, концерттерде айтылып жүр.
1987 жылы сазгер Сәденовтер отбасылық ансамблін құрып, өз өнерлерін көрсетіп,  домбырада, баянда, тай-тұяқта, сыбызғыда, тіптен ағаш қасықта да шебер ойнады, қалалық, облыстық конкурстарға қатысты.
1989 жылы Қазақстан және Орта Азия елдерінің отбасылық ансамбльдер фестивалінде Құрмет грамотасымен марапатталды.
1987 жылы өткен Бүкілодақтық халық шығармашылығының II фестивалінің, 1989 жылы «Байқоңыр дауысы» облыстық фестивалінің, 1991 жылы «Ұлытау үні» фестивалдерінің лауреаты  атанды.
2003 жылы Қуандық Сәденовтің «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы, 2009 жылы «Жалаңтөс» (Соқыр) ұрпақтарының шежіресі» кітабы жарыққа шықты.
Қуандық Сәденов  өз шығармашылығын  адамдардың өмірдегі тарихын  зерттеуге  арнап, көптеген мақалалар мен очерктер жазып жүрген жан.   
Алматы қаласындағы «Меломан» фирмасынан (2011ж)  «Алтын анам» ән  дискісі басылып шықты.
Сазы мен назы бөлек әндерді жарыққа шығарған, сазгер, арқалы ақын, жалынды журналистің әдемі әндері ұрпақтардың рухын оятып, санасына сәуле түсіретіні белгілі.
2011 жылы ақын – сазгер, журналист Қуандық Мақсұтұлының жеке архивтік   құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданды. Жыл сайын қор толықтырылып отырады, қаланың тарих беттерін айғақтайды.

11.11.21 1 11.11.21 11.11.21 11.11.21 11.11.21