Архив тарихы
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві – облыстағы ең байырғы архивтердің бірі, ол Қарағанды облыстық атқару комитеті президиумының 1937 жылғы 19 желтоқсанындағы қаулысы негізінде Қарағанды облысының архив қызметінің ұйымдастырылуына байланысты құрылған.
Қарағанды облысы бойынша мұрағат бөлімшесінің «Мұрағат органдарының 1941 жылғы есебі» атты баяндамасында «...Аудандық мемлекеттік мұрағат 1937 жылы құрылды. Аумағы 20 шаршы метр болатын арнайы бөлмесі және ұзындығы 11 метр, биіктігі 1,5 метр сөре бар».
1939-1960 жылдар аралығында қалалық мұрағат Балқаш қалалық халық комиссариатының ішкі істер бөлімінің құрамында болды.
Балқаш қалалық еңбекшіліер депутатар кеңесі атқару комитетінің 1960 жылғы 3 тамыздағы шешімімен мұрағат Балқаш қалалық еңбекшілер депуттар кеңесі атқару комитетінің қарамағына берілді.
Қарағанды өндірістік және ауылшаруашылық еңбекшілер депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1963 жылғы 17 маусымдағы шешімі негізінде Қарағанды өндірістік және ауылшаруашылық еңбекшілер депутаттар кеңесі атқару комитетінің жанындағы мұрағат бөлімінің 1963 жылғы 27 шілдедегі бұйрығына сәйкес 1963 жылдың 27 шілдесінен бастап Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатының Балқаш филиалы құрылды.
1973 жылы 20 наурызда Жезқазған облысының құрылуына байланысты Балқаш филиалы Жезқазған облыстық мұрағатына берілді.
Жезқазған облыстық әкімшілігінің 1994 жылғы 25 ақпандағы қаулысы негізінде Жезқазған облыстық әкімшіліктің мұрағаттар және құжаттама басқармасының 1994 жылғы 2 наурызындағы бұйрығымен Жезқазған облыстық мемлекеттік мұрағатының Балқаш филиалы Балқаш қалалық мемлекеттік мұрағаты болып қайта құрылды.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылығы 14 ақпандағы «Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы» қаулысына сәйкес Балқаш қалалық мемлекеттік мұрағаты «Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы «Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы» қаулысына сәйкес «Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжатама басқармасы«Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжатама басқармасының «Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжатама басқармасының «Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Жылдар бойы бірнеше рет құрылуына қарамастан қалалық мемлекеттік архив өткен жүз жылдықтың 90- жылдарының басындағы қайта құру кезеңіндегі қаржылық – материалдық қиыншылықтар бола тұра бағалы құжаттарға жаңа өмір беріп, оларды мемлекет және қоғам мүддесіне белсенді пайдаланып, азаматтардың заңды-құқықтарын жүзеге асыру жұмыстарын абыроймен жалғастыра береді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері туған өлке тарихы, жеке тұлғалар туралы құжаттарға деген қызығушылықтың туындауына байланысты мемлекеттік архивтің функциялары мен мақсаттары жаңа мазмұнмен толықтырылып, өзгерді.
Бүгінгі күні мемлекеттік архивтің негізгі бағыттарының бірі – архив қорын сапалы жинақтау. Бұл мақсатта қаланың мекемелері мен кәсіпорындарының тізімі бекітіліп, 50 негізгі және 31 әлуметті толықтыру көздері анықталды. Оларға іс қағаздар жүргізу және құжаттарды ведомстволық сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, семинарлар, оқу тренингтері ұйымдастырылады.
Архив қорын толықтыру және сапалық құрамын жақсарту мақсатымен Балқаш қаласының салыну және даму тарихы туралы құжаттардың көшірмесін алу үшін Қазақстан Республикасының Президентінің, Ұлттық және Орталық мемлекеттік, мемлекеттік фотоқұжаттар дыбыс жазу архивтерімен, Ресей Федерациясының экономика мемлекеттік архивімен тығыз байланыс орнатылған.
Құжаттарды сақтау үшін жалпы аумағы 184,3 шаршы метр мұрағат қоймасы ұзындығы 1194 метр темір сөрелер бар.