Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, а.ж. 30 шілдесінде мемлекеттік архивте «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс- шараға 2-сыныпты заңгер, прокурор Б.М.Қойжигитов қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау нормаларын түсіндірді.
Қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
2024 жылдың 26 маусымында мемлекеттік архивте Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес кеңес өткізілді. Басшы Ш.Б.Медеубаева архив қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруы тәртібі туралы түсіндірді. Бөлім басшысы Д.З.Серикбаева ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке талдау қорытындысын баяндад
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде қызметкерлермен 2024 жылдың 10 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру және талаптарын сақтау мақсатында «Жемқорлықсыз жол - сенімді жол» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
Архив басшысының міндетерін атқарушы А.Б.Исабекова сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және оған қарсы тұру, әдеп нормаларын сақтау мәселелері туралы айтылды. Қызметкерлер өз пікірлерімен алмасты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.
Анықтама:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі талдаулар халық пен бизнестің 4сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған. Аталған «Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ-не қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса 8-702-426-88-03 (WhatsApp мессенджер) ұялы телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдаңыздар.
В соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан
от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции», Типовыми правилами проведения внутреннего анализа коррупционных рисков, утвержденными Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 октября 2016 года №12, в период с 23 апреля по 22 мая 2024 года проводится внутренний анализ коррупционных рисков в деятельности КГУ «Государственный архив города Балхаш» управления культуры, архивов и документации Карагандинской области.