18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2018 жылы 16-17 мамырда архив қызметкерлері М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында қалалық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне қатысты. Архивтік анықтаманы алу бойынша 7 адамға кеңестер берілді. Электронды үкімет веб-порталы арқылы келген өтініштерге түсіндіру тәртібі бойынша ұсыныстар берілді.

Жәрмеңкеге қаланың түрлі ұйымдары мен мекемелерінің өкілдері жиналды. Барлығы 18. Олар балқаш тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы кеңестер берді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің тапсырмасымен өткізілді.