Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының қабылданғанына 20 жыл толу қарсаңында 21 желтоқсанда мемлекеттік архивте «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуы туралыжария талқылауесебін өткізді. Мемлекеттік архив құрылған сәттен бастап, негізгі қызметтік бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау болып табылады. 2015 жылдан бері бұл қызмет«Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты» арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентімен жүзеге асырылады.
Іс-шара аясында мемлекеттік архивтің 2018 жылғы әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау бойынша есебін ұсынды. Оған мемлекеттік мекеме өкілдері: қала әкім аппаратының ақпараттық технология және мемлекеттік қызмет көрсетуге бақылау жасау бөлімінің басшысы, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ,әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі,орталық аурухана, колледждердің жауапты қызметкерлері қатысты.