Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында «Ұлттық әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»- екендігін айрықша атады. Саяси – қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнінің қарсаңында мемлекеттік архивте ағымдағы жылдың 30 мамырында көпсалалы колледж оқушыларына «Зұлмат жылдар халық жадында» тарихи сабақтары өткізілді.
Архивтік материалдар негізінде саяси репрессия ұшыраған балқаштықтар - М.М.Қазбекова, Н.Н.Варламов туралы баяндалған деректер оқушылардың қызығушылықтарын туғызды.