18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Балқаштың алғашқы мысының 80 жылдығына мемлекеттік архивте 21-23 қарашада колледж оқушыларына арналған «Мыс алыбының тарихы» тарихи- танымдық сабақтары өткізілді (20 сабақ, 300 оқушы қатысты ).Мақсаты: алғашқы бесжылдықтың бастауы болған-Балқаш мыс зауытының құрылысының негізгі кезеңдерін архивтік құжаттар негізінде көрсету.

Кеңес Одағында алғашқы бес жылдықтарда екпінді құрылыс ретінде жарияланған Балқаш мыс балқыту зауыты құрылысыстратегиялық маңызға ие болды.

1938 жылы 24 қарашада алғашқы Балқаш мысын алуды жүзеге асырған металургтер есімдері тарихқа енді.Олар:оралдық ағайынды шеберлер Василий Ефремович пен Федор Ефремович Лошкаревтар, Александр Иосифович Вепрев, Василий Григорьевич Баранов, Андрей Михайлович Корнюхин, Константин Михайлов, шарпу пешінде жұмыс істеген Гужавин, Трофименко, Бундин, Тлеугабылов.

Балқаштың алғашқы мысын алар алдында зауыт құрылысын дайындауда үлкен жұмыстыры жүргізілді. Құрылыс жұмыстары ауыр климаттық және тұрмыстық жағдайларда жүргізілді. Көлік пен ауыз су жетіспеді. Ауыр табиғи жағдайға, орталықтардан алшақ жатқанына қарамастан, құрылысшылардың ерлігі мен жанкешті еңбектерінің арқасында мыс алыбы тұрғызылды.

Сабақта көл жағалауындағы әлемге аты мәлім өнеркәсіптік кәсіпорыны, сонау жылдары иен далада ауыр табиғи, тұрмыстық жағдайда, қысқа мерзімде тұрғызылған қала құрылысшыларының қаһармандығы мен ерлік жолдарын көрсететін деректі фильм көрсетілді.

Құжаттар және фотоқұжаттар көрмесінде мыс алыбының тарихындағы ерлік жолдарын растайтын архивтік материалдар көрсетілді.