06/12/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттама басқару комитетінің бастамасы аясында «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасына сәйкес Жұмысшы мамандықтар жылы, 1941-1945жж Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 80 жылдығына орай мемлекеттік архивте Ашық есік күні өткізілді.

     Іс-шара мақсаты: архив құжаттарын насихаттай отырып өскелең ұрпаққа еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру, адал еңбекке деген құштарлықтарын дамыту Отанын сүйетін, саналы, білімді бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

     Іс-шараларға қорқұрушы Қазақ Кеңестік Республикасының еңбек сіңірген металлургі, Құрметті еңбек ардагері, ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісінің иегері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы-Т.Калиев, зайыбы Н.Калиева, шәкірті М.Кенбаев, «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш өңірі бойынша ардагерлер одағының төрайымы Б.Уалиева, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледж студенттері, ЖББ №1 орта мектебінің оқушылары, БАҚ өкілдері, қалалық «Orken-Media» телеарнасы қатысты.

     Бағдарлама бойынша:

  1. «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасына сәйкес Ашық күнінің салтанатты ашылуы;
  2. Балқаш қаласының Құрметті азаматы - Т.А.Калиевтің жеке архив қорының тұсаукесері;
  3. «Еңбекпен келген құрмет. Трудом славен человек» тарихи-құжаттық көрмесі;
  4.  «Есімі қала тарихында. Имя в истории города» тарихи сағаты (1941-1945 ҰОС-қатысушысы, кіші лейтенант И.Д. Почепцовтың 100 жылдығына орай)
  5. «Архив қызметіндегі цифрландыру» экскурсия.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1