Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орай республикалық тұжырымдама аясында Балқаш қаласының Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, Ұлы Отан соғысы ұрпақтарының, тыл ардагерлерінің қатысуымен «Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Архившілер Ә.Бағдаулет, Д.Беспугунова тыңдаушылардың назарына архивтік құжаттар негізінде дайындалған «Балқаштық Кеңес Одағының батырлары» тақырыбында баяндамаларын және «Ұлы Жеңіс - мәңгілік ел жадында» тарихи-құжаттық көрмесін, «Соғыс жылдарындағы газеттер» көрмесін ұсынды.








