Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде 2024 жылдың 31 мамыры күні Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Жылдар жаңғырығы жадымызда" атты тарихи сабақ өтті, оған Р. Қошқарбаев атындағы техникалық колледж студенттері қатысты.
Бөлім басшысы Д. Серікбаева архивтік құжаттар негізінде өткен ғасырдың 30- жылдардағы қасіретті оқиғалар - ашаршылық, депортация, Қарлагтың бөлімшелері туралы баяндады. Сабақ барысында 1935 жылдан бастап белгілі әскери тұтқындарға арналған № 37 Балқаш лагері, Қазақ КСР –ның еңбек сіңірген дәрігері, бұрынғы Балқашлаг орталық лазеретінің бастығы- М.Қазбекова, қаланың алғашқы құрылысшысы, ғылыми қызметкер – Н.Н. Варламов. Сол уақытта жазықсыз жазаланған белгілі қайраткерлер: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев т.б. туралы айтылды.
Сабақ соңында студенттерге Ғалым Жайлыбайдың «Қаралы орамал» атты деректі фильмі көрсетіліп, "Зұлмат жылдар халық жадында" тарихи құжаттар көрмесімен танысты.