Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері 2023 жылдың 7 ақпаны күні «Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Балқаш қалалық бөлімнің қызметкерлеріне «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Архившілер В.Кушкенова мен Қ.Нуржигитова 2021 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде хабардар етті. Стандартқа енгізілген өзгерістер туралы түсініктемелер берілді. "Электрондық үкімет" www.egov.kz порталы арқылы өтініштерді қабылдауға ерекше назар аударылды. Сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлесе отырып жұмыстарды жандандыру туралы сауалдар талқыланды.
Бөлім қызметкерлеріне анықтамалық материал - архив қорларының тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, жадынама ұсынылды.