18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

03.02.23 1

2023 жылдың 03 ақпанында Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде қаладағы колледж мекемелерінің кадр мамандарына, іс-жүргізушілер мен архивариустарына құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарда құжаттарды ресімдеу тәртібі (бұйрықтарды, хаттарды, хаттамаларды, актілерді рәсімдеу), құжаттарды қалыптастыру, істер номенклатурасын жасау талқыланды.

Сонымен қатар «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін іске асыру туралы түсініктемелер берілді.
Семинар барысында қатысушылардың бұйрықтарды тіркеу, мөр бедері қою, істерді қалыптастыру, істерді тігу және өңдеу, істер тізімдемелерін жасау бойынша тағы да басқа сұрақтарына архившілер толықтай жауап берді.

03.02.23 1

03.02.23 1

03.02.23 1