2023 жылдың 30 қаңтарында Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде мемлекеттік архивтің негізгі дереккөздері (источники комплектования) болып табылатын білім беру саласындағы мекемелерінің іс-жүргізушілер мен архивариустарына құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарда құжаттарды ресімдеу тәртібі (бұйрықтарды, хаттарды, хаттамаларды, актілерді рәсімдеу), құжаттарды қалыптастыру, істер номенклатурасын жасау талқыланды.
Сонымен қатар «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін іске асыру туралы түсініктемелер берілді.
Семинар барысында қатысушылардың Бүлінген және пайдаланылмаған баспа-бланк өнімдерін жоюға бөлу туралы, құжаттың орындалғаны туралы белгі, бұйрықтарды тіркеу туралы, мөр бедері туралы, бұйрықты ресімдеу туралы, хаттаманы ресімдеу бойынша, ведомстволық архивтің паспортын жасау туралы, істерді қалыптастыру бойынша, істерді тігу және өңдеу бойынша тағы да басқа сұрақтарына архившілер толық қанды жауап берді.