18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласының мемлекеттік архиві ағымдағы жылдың 31 наурызында "Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттарының көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмысты жандандыру жолдары туралы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес АҚ Балқаш қаласындағы бөлімінің қызметкерлері қатысты.

01.04.22 1

Құжаттарды ғылыми-қолдану, жариялау бөлімінің басшысы Д.Серикбаева қатысушыларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 312 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде хабардар етті. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына талдама жасалып, қатысушылар жаңа архивтік қорлар Тізімімен таныстырылды.

Архивші К.Нуржигитова өзінің ақпаратында осы саладағы негізгі проблемалық мәселелердің бірі – электрондық форматта көрсетілетін қызметтер санын арттыру бүгінгі күннің қажеттілігі екендігіне тоқталды.

Күн санап «Электрондық үкімет порталы» арқылы берілген өтініштер саны артуда. Сонымен қатар кездесетін проблемалар да бар: қызмет алушының тегінің өзгергендігі, жұмыс орны мен мерзімі нақты көрсетілмейді, ол мемлекеттік қызмет көрсету сапасына әсер етеді. 
Осы бағыттағы жұмысты жақсарту үшін өтініш беру www.egov.kz «Электрондық үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет бойынша нәтижесін алу тәртібі туралы бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Осы ұсынымдар назарға алынды және электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің саны мен сапасын арттыру бойынша бірлесе отырып жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды және түсіндірме жұмыстарды БАҚ, әлеуметтік желілер, қызметалушыларға өзіне – өзі қызмет көрсету секторлары мен бұрыштары арқылы жүргізу ұсынылды.

01.04.22 1

01.04.22 1