Балқаш қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасымен бірлесіп «Тәуелсіздік - орындалған асқақ арман» мерекелік іс-шара өткізді. Оған қаламыздың ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қала студенттері қатысты.
Мемлекеттік архив дайындаған Желтоқсан оқиғасына балқаштық қатысушылар туралы «Желтоқсан жаңғыры-ел жадында» атты бейнеролигімен басталды.
Архивші А.Абсаликова Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорынан алынған архивтік құжаттар негізінде Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуын айқындайтын «Балқаш Тәуелсіздік жылдарында» атты дайындалған бейне слайдқа шолу жүргізді.