Ұлттық архив қорын сапалы толықтырудың басты негізі - ведомстволық сақтау кезеңінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
2021 жылғы 23 ақпанда Балқаш қаласының мемлекеттік архиві санитарлық нормаларды сақтау жағдайында мекемелердің жауапты қызметкерлері-іс жүргізушілер мен архивариустар үшін құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру мәселелері бойынша семинар - тренинг өткізді.
Семинар барысында құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеуін жүргізу бойынша сұрақтар қаралды: құжаттардың құндылығына сараптама жасау, ғылыми-анықтамалық аппаратты құру, құжаттарды сақтау, архивтен істерді беру және есепке алу шарттарына қойылатын талаптар түсіндірілді.