Спимұхамбет Жанабекұлы Мұстафин - Ұлы Отан соғысының ардагері,қызмет көрсету саласының үздігі, Балқаш қаласының Құрметті азаматының туғанына
95 жыл толуына орай Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде № 268 жеке құжаттар топтамасы негізінде «Есімі қала тарихында. Имя в истории города» тарихи -құжаттық көрме ұйымдастырылды.
С.Ж.Мұстафин еңбек жолын 1941 жылы Ұзын – Арал балық пунктінің Балқаш мемлекеттік балық тресінде есепші болып бастаған. 1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, 1944 жылы оралады. Құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін сауда және қоғамдық тамақтандыру саласында басшылық қызметтер атқарған.
Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен, «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг»медальдарымен марапатталған.Облыстық, қалалық депутаттар кеңесінің және қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған.
С.Ж.Мұстафинге 1997 жылғы 16 қыркүйектегі Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Спимұхамбет Жанабекұлы Мұстафин зейнеткерлік демалыс мерзімінде де қаланың саяси және қоғамдық өміріне белсене араласты. 2000 жылдан бастап Балқаш қалалық ақсақалдар кеңесін басқарды.
С.Ж.Мұстафин 2007 жылы 24 тамызда өмірден озды.
Көрменің бірінші бөліміне С.Ж.Мұстафиннің өмірбаянына қатысты құжаттар: тууы туралы куәлігі, өмірбаяны, әскери билеті, Қарағанды оқытушылар институтын, Алматы сауда техникумын аяқтағаны туралы дипломдары, кадрларды есепке алу жеке парағы мен фотақұжаттары енгізілді.
Спимұхамбет Жанабекұлы Мұстафин
(1925 ж.14 қараша- 2007 ж.24 тамыз)
Ұлы Отан соғысының ардагері,қызмет көрсету
саласының үздігі, Балқаш қаласының
Құрметті азаматы