28/04/2025  Дүйсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жылқыбай Беисұлы Беисов - Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген тәлімгері,Балқаш қаласының Құрметті азаматы туғанына 95 жыл толуына орай Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде № 281 «Социалистік Еңбек Ерлері- балқаштықтар» жеке құжаттар топтамасы негізінде «Есімі қала тарихында. Имя в истории города» тарихи -құжаттық көрме ұйымдастырылды.

Жылқыбай Беисұлы Беисов 1925 жылы 7 қарашада Павлодар облысының Баянауыл селосында өмірге келген.

Ж.Б.Беисов ата – анасынан ерте айырылып, жеті жасынан бастап үлкендермен бірдей малшы болып жұмыс істеді.

1941 жылы жастарды жалпы білімге жұмылдыруға сәйкес Қарсақпай кентіндегі фабрика – зауыт мектебінде оқыды.1942 жылы ФЗМ бітірген соң Балқаш мыс балқыту зауытының байыту фабрикасына классификаторшы ретінде қызмет етуге жолданды.

1952 жылы Свердловск қаласының мастерлер мектебін бітірді. Ж.Б.Беисов басқарған ауысым 20 жыл бойы еңбектегі көрсеткіштері үшін коммунистік еңбек ұжымы атағына ие болды. Мәскеу, Свердловск қалаларында өткен түсті металлургия өндірістері үздіктерінің бүкілодақтық слеттеріне қатысты.

Жылқыбай Беисұлы Беисовке өндірістегі көрсеткен ерен еңбегі үшін КСРО Кеңесі Президумының 1960 жылғы 28 мамырдағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

БКМК кәсіподақ комитеті мен басшысының 1973 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен «Комбинаттың еңбек ардагері» атағына лайықты деп танылды.

Ж.Б.Беисов 1978 жылы комбинаттың еңбек өндірісінің артуы мен тәртібін нығайту барысында тәлімгерлерді басқарды. Тәлімгердің іс – тәжірибесі барлық елге таратылды, Ж.Б. Беисовке «Қазақ КСР- нің еңбек сіңірген жетекші – тәрбиешісі» атағы берілді.

Ж.Б.Беисов еңбектегі жоғары көрсеткіштері мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Ленин, Халықтар достастығы ордендерімен, мерейлі медальдармен, Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

Жылқыбай Беисұлы зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін де кадрлар дайындау бөлімінде өндірістік оқулар жүргізіп, қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене араласты.

Ж.Б.Беисовке мінсіз және ұзақ жылдардағы атқарған еңбегі, қаланың дамуына қосқан үлесі үшін 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Жылқыбай Беисұлы Беисов 2017 жылдың 12 қазанында дүние салды.

Ж.Беисовтің өмірі кәсіпорынды құрудағы және туған қала үшін аянбай атқарған қызметі болып табылады, сондай – ақ келешек ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Құжаттық көрме Ж.Беисовтің еңбектегі және қоғамдық қызметтегі өмірін толықтай айғақтайды.

 

Бірінші бөлімге: жек істері, өз қолымен жазылған өмірбаяны, Өндірістік мінездемелері, ФЗМ аяқтағаны туралы аттестат, біліктілігін арттыру курстарын аяқтағаны туралы куәліктер мен фоталары енгізілді.