18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  2020 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекеттік архивте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-Қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды.

     Мемлекеттік архивтің басшысы А.Б.Исабекованың сөз сөйлеуінде пандемия жағдайындағы іс-қимылдың нақты бағдарламасы болып табылатын Жолдаудың негізгі ережелері баяндалды.

    Президенттің қорытынды сөздері «...Елдің алдына үлкен және күрделі міндеттер қойылды, оларды шешу үшін ерекше тәсілдер, жаңа ойлар, жалпыға ортақ ынтымақтастық және өзара қолдау қажет...» архивисттерді жұмысты жетілдіруге, архивтік материалдардың сақталуын қамтамасыз етуде жаңа нысандарды іздеуге, танымал етуге бағыттайды.

     «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында архив материалдарын цифрлау үшін аппараттық-кешенімен жабдықталған, «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесі енгізілуде ең бастысы бұл тиімді жұмысқа бірегей құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

     Алда тарихи-мәдени құндылыққа жататын мәтіндері өшкен құжаттарды цифрлау бойынша  күрделі жұмыстар күтілуде.

     Құжаттарды ғылыми қолдану, жариялау бөлімінің басшысы –Д.Серикбаева, архивист- В.Кушкенова әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға және құқықтарын қорғауға бағытталған, өмірдің барлық салаларына қатысты Мемлекет басшысы ұсынған шараларды қолдайтынын білдірді.

 

09 09 2020 14

09 09 2020 15