«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыдан өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өкілеттігін растайтын құжат - заңды тұлға үшін не нотариалды куәландырылған сенімхат - жеке тұлға үшін (уәкілетті өкілі жүгінген кезде);
стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Сұратылатын мәліметтерді растайтын құжаттар бар болған жағдайда өтінішке олардың көшірмелері қоса беріледі.
2) портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Сұратылатын мәліметтерді растайтын құжаттар бар болған жағдайда, өтінішке олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.
«Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ