2020 жылдың 27 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, Алғыс күні қарсаңында мемлекеттік архивта «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға «Эминем» татар-башқұрт бірлестігі төрағасының орынбасары Ф.С.Залялова, Балқаш көпсалалы колледжінің студенттері шақырылды. Іс - шараның мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында қазақстандық құндылықтарды көрсету, тарихти деректер негізінде жалпыұлттықбірлікті нығайту.
Мемлекеттік архив басшысы А.Б.Исабекованың сөз сөйлеуінде сталиндік режимнің репрессивті саясатының салдары болған КСРО халықтарының депортация тарихы баяндалды.
Соғыс және соғыстан кейінгі ауыр жылдары Балқаш мыс балқыту зауыты нысандарының құрылысына, № 517 зауыт, шахталарға қонысаударушылардың қатысуы архивтік құжаттар арқылы көрсетілді.
Ф.С.Залялова өз ата-анасының сол сияқты мыңдаған отбасылардың жер аударылғандығы туралы естеліктерімен бөлісті
Іс-шараға қатысушылардың назарына «Бір ел-бір тағдыр» атты тарихи-құжаттық көрме ұсынылды.