18/01/2025  Сенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 25 ақпанында Саяқ кентінің әкім аппараты мен бюджеттік ұйымдардың жауапты қызметкерлері үшін архив құжаттарын сақтау және құжаттандыру мәселелері бойынша барып оқытусеминары өтті.

Архивші Д.З.Серикбаева құжаттарды басқару бойынша (тіркеу, орындалуын бақылау), құжаттардың деректемелерін рәсімдеу (бұйрықтар, хаттар, хаттамалар, актілер) тәртібін түсіндірді.

Құжаттардың құндылығына сараптау жүргізу, ғылыми – техникалық өңдеуден өткізу, істер номенклатурасын құрастыру, жеке құрам, тұрақты сақталатын құжаттар мен сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер тізімдемелерін жасау тәртібіне ерекше көңіл бөлді.