Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай мемлекеттік архив және Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры архивтік құжаттар көшірмелері негізінде мемлекеттік архивте «Конституция - кемел келешектің кепілі. Конституция – основа стабильности государства» құжаттар мен фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме екі бөлімнен тұрды. 1 бөлімге Орталық мемлекеттік архивтен алынған құжаттар көшірмелері қойылды: Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы 25 наурыз1995 ж., 1995 жылғы 31 шілдедегі Президенттің қолы қойылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының соңғы нұсқасы, (бірегей құжат), 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1 тамыз 1995ж., Қазақстан Республикасының Конституциясы дайындаудағы жұмыс тобының алғашқы фотосы 1995 ж., Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасы туралы басқа да құжаттар(жарлықтарға өзгертулер мен толықтырулар, жоба ұсыныстары).
2 бөлімге балқаштықтардың референдумға қатысуы туралы құжаттар енгізілді.1995 жылғы 26 шілдедегі Балқаш қалалық Маслихат-депутаттар жиналысының Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау туралы қаулысы., № 222 «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылға дейін созу және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі Республикалық референдумы» архивтік қорынан алынған Балқаш қаласының Жезқазған облысы бойынша қалалық аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы 30 тамыз 1995ж.
Көрме жайлы «Өркен медиа» қалалық телеарнасына сұхбат берілді.