30/07/2025  Сәрсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерімен 2025 жылдың 26 наурызында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Балқаш қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру " мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар архив қорларының жаңа тізімімен танысты. Архивші В.Кушкенова ЭҮП арқылы өтініштер саны күн сайын артып келе жатқанын және солардың ішінде дұрыс толтырылмаған және профильдік емес сипаттағы өтініштер көбейетінін атап өтті, бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасына әсер етеді. Осы бағыттағы жұмысты жақсарту үшін "Электрондық үкімет"порталы арқылы өтінішті толтыру бойынша бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Семинарға қатысушылардың сұрақтарына дәйекті жауаптар берілді.

1 1 1