100 жыл бұрын (1920 жылдың 1 қаңтарында) Ортадересін ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы - Интыкбаев Ыбрайым дүниеге келді.
Еңбек жолын 1937 жылы Балқаш мыс балқыту зауытында автобаза шофері ретінде бастаған. 1941 жылдың 28 сәуірінде Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Соғыс басталғанға дейін Ы.Интыкбаев Белоруссияда әскери борышын өтеді. 1942 жылы Калинин майданының лейтенанттарының кавалерия курсын табысты аяқтап, 1 Украин майданының он үшінші кавалерия полкінің взвод командирі лауазымын атқарды. Смоленск және Курск шайқастарына қатысты. Екі рет жараланды. Ұрыстағы ерлік пен жеке ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденіне ие болды.
1944 жылы 18 тамызда Висла өзенінің жанында шайқаста Ыбрайым Интықбаев ауыр жараланды. 1944 жылдың 6 желтоқсанында қолы ампутацияланып,комиссия екінші топтағы мүгедек ретінде шешім етті.
Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Ы.Интыкбаев Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков, «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»медальдарымен, 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ветеран 6-го гвардейского Краснознаменного ордена Суворова кавалерийского полка» және «1941-1945жж. соғыс ардагері»төс белгілерімен, сондай-ақ «Құрмет» орденімен марапатталған.
Соғыстан кейін Ыбрайым Интыкбаев Балқашқа қайта оралып, өзінің еңбек жолын мыс зауытында алдымен диспетчер, содан кейін автобаза бастығы болып жалғастырды.
Ы.Интыкбаевтың басшылығымен автобаза ұжымы комбинат кәсіпорындары арасында социалистік жарыстарда жетекші орын алды.
Он бес жыл бойы бастауыш партия ұйымын басқарды, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін жастардың тәлімгері болып, «БКМК жастардың үздік тәлімгері» атағына ие болды. «Балхашмыс» өндірістік бірлестігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін Ы.Интыкбаев қалалық мүгедектер қоғамының орынбасары, одан кейін төрағасы болып жұмыс істеді.
Өндірісте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген, еңбектегі жетістіктері үшін Ыбрайым Интыкбаев «Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесінің социалистік жарыс озаты» белгісімен, «Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының еңбек ардагері» және «Коммунистік еңбек екпіні» атақтарымен, «Еңбек ардагері» және «В.И.Лениннің 100 жылдығы құрметіне қосқан ерен еңбегі үшін» медальдарымен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Балқаш қалалық әкімшілігі мен мәслихат-депутаттар жиналысы басшысының 1994 жылғы 22 қазандағы шешімімен әлеуметтік-экономикалық даму, мәдени құрылыс міндеттерін шешуге қосқан ерекше еңбегі және жеке үлесі, жоғары кәсіби шеберлігі және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Ыбрайым Интыкбаевқа «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
2018 жылы Курск шайқасының 75 жылдығына байланысты Ыбрайым Интыкбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннен құттықтау алды.
Ыбрайым Интыкбаев 2019 жылы 15 тамызда қайтыс болды.
Туған өлкесінің патриоты ретінде Ы.Интыкбаев өз өмірінің соңына дейін қаланың қоғамдық және саяси өміріне қатысты. Оның үлкен өмірлік тәжірибесі, туған қаласына деген сүйіспеншілігі жастар үшін үлгі болып қалады.
Венера Кушкенова,
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің архившісі