17/01/2025  Жұма
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80 жыл бұрын (30 қараша 1939 жыл) КСРО құрметті металлургі, Қазақ ССР еңбек сіңірген металлургі, КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Жолдасбай Оспанов Қарағанды облысы, Қоңырат ауданының Ақтоғай селосында дүниеге келді.

№ 2 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін, жүргізуші мамандығын алып, 1958-1961 жылдарда жолаушылар тасымалдау кәсіпорнында жүргізуші болып өз еңбек жолын бастайды. 1961 жылдан Балқаш кен - металлургия комбинатының мыс балқыту цехының алғашқы шихта тиеушісінен, бригадир, шебер, ауысым бастығына дейін көтеріледі. Өзінің еңбекқорлығымен қысқа мерзім ішінде жоғары маман жұмысшы ретінде көзге түсті. Әр бесжылдықта Ж.Оспанов еңбек ететін ауысым жыл сайын өнім беру нормаларын 111-112 пайызға асыра орындап коммунистік еңбектің екпіндісі болды.

Тікелей еңбегінен өзге қоғамдық жұмыстарды кәсіподақ тобына жетекшілік ету, халықтық бақылау тобының мүшесі, үгітші - ұстаз жұмыстарын жүргізді.

1973-1975 жылдары қалалық кеңеске, 1975-1984 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.Жоғарғы Кеңестің депутаты ретінде Жезқазған облысынан берілген аманаттарды орындауға бар күш – жігерін салды. Ақтоғай ауданында мәдениет орталығын салу, Шет ауданында ауылшаруашылығына арналған ферма, Балқаш қаласын жылумен қамтамасыз ету, балабақша салу барысында ауқымды жұмыстар атқарды.

Жолдасбай Оспанов бүгінгі күні еңбегінің зейнетін көріп отырған абзал жан.

Метталлург еңбегі ақталып жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге жеткені үшін 1971 жылы «КСРО құрметті металлургі», 1973 жылы «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген металлургі» атағына ие болды,1975 жылы ІІІ дәрежелі, 1981 жылы ІІ дәрежелі Еңбек даңқы орденімен, түрлі Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.

2007 жылдың 4 сәуіріндегі Балқаш қалалық мәслихаттың шешімімен Ж.Оспановқа «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Металлургия саласындағы елеулі еңбегіақталған Жолдасбай Оспановтың мол тәжірибесібүгінгі жастарғаүлгі - өнегеболары сөзсіз.

 

Материалдар Жолдасбай Оспановтың № 339 жеке қорынан алынды.

Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің қызметкеріД.Серикбаева