105 жыл бұрын (1914 жыл) Одесса қаласында Қазақ КСР еңбек сіңірген энергетигі, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Пессин Яков Исаакович дүниеге келді.1932 жылы энергетикалық техникумын аяқтағаннан кейінҚара теңіз техникалық флотында өзінің еңбек жолын бастады. 1939 жылы Одесса энергетикалық институтын бітірді. 1941 жылдан бастап еңбек жолы Балқаш мыс балқыту зауытымен байланысты болды. Бір жылдан кейін ол мыс балқыту зауытының электр цехын басқарды. 1943 жылы бас энергетика бөліміне ауыстырылды. Балқаш мыс балқыту зауытында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеген жылдары Яков Исаакович өзін жоғары білікті маман және өндірісті білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. 1951 жылы КСРО Түсті металлургия министрінің 1951 жылғы 16 мамырдағы бұйрығымен ол мыс балқыту зауытының бас энергетигі болып тағайындалды.
1968 жылы Мәскеу қаласында өткен жетінші әлемдік конгресстің (МИРЭК-VII) делегаты болды.Яков Исаакович өзінің өндірістік қызметін өнертапқыштықпен тығыз байланыстырды. 1968 жылы Яков Исаакович Пессин байланыс желілерге жақын жылжымалы электрлендірілген механизммен жұмыс істегенде токпен зақымданудан қорғау үшін құрылғыны әзірледі.Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен 1975 жылы энергия шаруашылығын диспетчерлік басқару және электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу және телебасқару жүйесі енгізілді. Ол мыс электролизіне арналған кремнийлі түзеткіштерді, синхронды қозғалтқыштарды іске қосудың, қорғаудың және сенімділігін жоғарылатудың оңайлатылған жүйелерін әзірлеуші болып табылады.Яков Исаакович 18 жасынан, зейнеткер ретінде 1998 жылдың маусымына дейін комбинатта энергетика жөніндегі жетекші маман болып жұмыс істеді. Осылайша, Яков Исаакович Пессиннің жалпы еңбек өтілі 66 жыл, оның ішінде БГМК-57 жыл. Яков Исаакович комбинатпен қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысты, 1959 жылы Балқаш қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды,үнемі жас мамандарға тәлімгерлік жасады.
1969 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің сыйлығына ие болды, оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді. Әр жылдары «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерен еңбегі үшін», «Еңбек озаты үшін» медальдарымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен Пессин Яков Исаакович қара және түсті металлургияны дамытуда қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Балқаш қалалық әкімшілігі мен Мәслихат-Депутаттар жиналысының 1994 жылғы 20 қазандағы қаулысына сәйкес қаланың әлеуметтік - экономикалық және мәдени даму міндеттерін шешуде ерекше еңбегі үшін Яков Исаакович Пессинге Балқаш қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
Шара Медеубаева,
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің құжаттарды ғылыми қолдану,
жариялау бөлімінің басшысы