17/01/2025  Жұма
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 бұйрығымен«Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыдан өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін берутек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал)арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, және (немесе) уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болғанда көрсетілетін қызметті беруші кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік копорация немесе портал арқылы мерзімді ұзарту туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;

2) Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

3) портал арқылы – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өкілеттігін растайтын құжат - заңды тұлға үшін не нотариалды куәландырылған сенімхат - жеке тұлға үшін (уәкілетті өкілі жүгінген кезде);

стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Сұратылатын мәліметтерді растайтын құжаттар бар болған жағдайда өтінішке олардың көшірмелері қоса беріледі.

2) портал арқылы:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Сұратылатын мәліметтерді растайтын құжаттар бар болған жағдайда, өтінішке олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.

«Электронды үкімет» порталы - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік архивтерде кезекті қысқартып архивтік анықтама, архивқұжаттарын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік береді.

«Электронды үкімет» порталы жалпы көрсетілетін электрондық қызмет санынан 80 пайыздық деңгейге жету мақсатымен, «Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі тапсырманың шешу жолы болып табылады.

 

«Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ