Атаулы даталар күнтізбесінен
25 жыл бұрын (1994 жылы 7 наурыз) Балқашта қалалық мәслихат-депутаттар Жиналысы өкілетті органының сайлауы өтті. Сайлау Қазақстан Республикасының жаңадан әзірленген сайлау туралы Кодекстің ережелері негізінде өткізілді. Сайлау алдында мәслихат-депутаттар Жиналысыныңқалалық депутаттығына 59 кандидат қатысуға қабылданды. Оның6- қоғамдық бірлестіктен ұсынылды, 53 - өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау туралы Кодекске сәйкес барлық депутаттыққа кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізуде біріңғай талаптар ұсынылды.Дауыс беруге 31353 сайлаушылар қатысты, жалпы саннан 56,9 пайызды құрады.Сайлау қорытындысы бойынша қалалық мәслихат-депутаттар Жиналысына 19 депутат сайланды.
1994 жылы 25 наурызда 1-шақырылған қалалық мәслихат-депутаттарының Жиналысыныңбірінші сессиясы жұмысын бастады, онда қалалық мәслихат хатшысыБ.К.Сматаев., маслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы С.К.Адепбекова болып сайланды.
«Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ
БҚМА.262.Қор.1.Тіз.1.Іс.
архивтік материалдардан дайындалды.