28/04/2025  Дүйсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Атаулы даталар күнтізбесінен

1999 жылы 20 наурызда Балқаш қаласында Қазақстан Республикасында Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы базасында 1999 жылы 12 ақпанда құрылған «Отан» партиясының (қазіргі «Нұр Отан») алғашқы конференциясы өтті.

Конференцияға облыстық «Отан» партиясы ұйымының өкілдері және25 «Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарынан 51 делегат қатысты. Қалалық «Отан» партиясы ұйымының бірінші төрағасы -әкімнің орынбасары Қ.Г.Тейлянов., төраға орынбасары - типография директоры Б.А.Альмаганбетов, атқарушы директоры– медициналық колледж оқытушысы М.К.Жакипбаев болып сайланды. Сонымен қатар алқалы органдардың құрамы сайланды:Саяси кеңес, Саяси бюро және тексеру комиссиялары. «Отан» партиясының партиялық Саяси кеңесіне денсаулық, білім мекемелері және бизнесөкілдері кірді. Қалалық ревизиялық комиссия төрағасы К.У.Шагиров сайланды, төраға орынбасары – Б.З.Аргингазина болып тағайындалды. Конференцияда делегаттар 1999 жылдың жұмыс жоспарын бекітіп, бірқатар ұйымдастыру мәселерін талқылады.

1999 жылдың 1 шілдесінде «Отан» партиясының Балқаш қалалық өкілдігі2146 адам құрады, олардың арасында жұмыскерлер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер және басқада қоғам өкілдері болды.

2007 жылы 12 сәуірде № 3013-1930тіркелу есебі куәлігінің негізіндеРеспубликалық саяси «Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық өкілдігі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалы болып қайта аталды.

Балқаш қалалық өкілдігімемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлауды, оларды қолдау және ұсынуды,партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттауды, өз қызметі туралы ақпарат таратуды, жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша ақпараттық-насихаттау топтарын қалыптастырады.

 

 

 

«Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ

БҚМА.324.Қор.1.Тіз.1,9.Істер.

архивтік материалдардан дайындалды.