Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының қабылданғанына 20жыл толу қарсаңында мемлекеттік архивте «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуы туралы жария талқылауесебін өткізді. Мемлекеттік архив құрылған сәттен бастап, негізгі қызметтік бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау болып табылады. 2015 жылдан бері бұл қызмет «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты» арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентімен жүзеге асырылады.
Іс-шара аясында мемлекеттік архивтің 2018 жылғы әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау бойынша есебін ұсынды. Оған мемлекеттік мекеме өкілдері: қала әкім аппаратының ақпараттық технология және мемлекеттік қызмет көрсетуге бақылау жасау бөлімінің басшысы, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі, орталық аурухана, колледждердің жауапты қызметкерлері қатысты.
Соңғы үш жылғы көрсеткен талдау жұмыстары әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындалуы бойынша өсу динамикасын көрсетті, ағымдағы жылдың сұраныстарының жалпы саны 2132. Сұраныстардың электронды үкімет порталы арқылы келіп түскен бөлігінің өскендігі аталды. Егер 2016 жылы 133 сұраныс орындалса, ал 2017 және 2018 жылдары 258 де 421 құрады. Қалалық мемлекеттік қызметерді көрсету жәрмеңкелері, семинар отырыстар БАҚ-тарда жариялау арқылы архив қызметі бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру белгілі бір дәрежеге жетуге ықпал етті.Архивте мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша ақпараттық стендер қойылды, қажеттілігіне қарай жаңартылып отырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуде проблемалық сұрақтар қаралды. Атап айтқанда, электронды үкімет порталы арқылы келіп түскен сұраныстарда толық мәліметтердің көрсетілмеуі, қосымша нақтылауды талап етеді. Профильді емес сұраныстар, облыс, республика бойынша құжаттардың орналасуына байланысты қайта жолданады, оларға қосымша уақыт, почталық шығындар талап етіледі. Анықтамаларды орындау «қолмен іздеу» режимі арқылы жүзеге асырылады, яғни бұл процесс өте үлкен еңбекті және ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан бүгінгі таңда автоматтандырылған деректер базасын құру әлі де өзекті мәселе. Сонымен қатар, архивтік материалдардың бір бөлігі мәтіні өшкен құжаттарды цифрлау және оларды қалпына келтіруді талап етеді.
Есепті талқылау барысында қатысушылар осы салада қызметті көрсету сапасын арттыруда, өзара тәжірибе алмасу, әрекеттестікте болу ұсыныстарын айтты. Жыл сайын жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары өсуде, яғни мемлекеттік қызметті алушылардың алдында заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сапалы және тиімді көмек беру қызмет берушілердің міндеті, себебі бұл әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты - аталған кездесудің өзекті мәселесі болып табылады.
Аксана Исабекова,
Балқаш қаласының мемлекеттік
архивінің басшысы