Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын архив қызметкерлері жігерлі түрде және аса қызығушылықпен қабылдады. «Рухани жаңғырудың» жалғасы іспетті тағылымды мақалада көрсетілген дәлелдемелер мен нақты қойылған тапсырмалар ұлт тарихының маңыздылығына бағытталған.
Ел президенті ұлттықмәдениетті қалыптастырудың басты бағыты ретінде мәдениет, рухани дамудың негізі болып табылатынын бірнеше ретатап көрсетті. Өркениетті ел өзінің тарихын дәріптей отырып, мәдениет пен өнердің дамуын және ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.
Архивте сақталған ақпараттар мемлекетіміздің экономикалық және мәдени дамуына әсер ететін ұлттық стратегиялық ресурстардың бірі деп айтуға болады.Қазақстанның жаңа әлемге серпіліс жасауы – өткен тәжірибені жүйелеуді зерттеусіз мүмкін еместігін айқындайды.Сондықтанда біздің жұмыстың басты бағыты өңірдің құрылуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы тарихында архив қорларын құнды құжаттармен толықтыру,танымал тұлғалардың өмірі мен қызметін, тарихи сананы қалыптастыру үшін құжаттарды жариялау- патриоттық тәрбиелеу, жастардың азаматтық белсенділігінің негізі.Аймақ оқиғалары уақыт өткен сайын тарихқа енеді. Өткенді білу- болашақ ұрпаққа беретін тағылым болып қала бермек. Шешіле сыр шертетін, тарихты тапжылтпай тануға қосар үлесі, тигізер септігі мол құжаттар, құнды дерек кімді де болса толғандырады, терең ойға жетелеп, рухани азық береді.
Архив саласын дамытуды үшін жүзеге асыруға елеулі күш беретін
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи сананы жаңғыртуда ірі жобаларының бірі «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын әзілеуі ұсынылды. отандық және шетел архивтерімен материалдық қорларын толықтыру мен анықтау бойынша жұмыстарықалалар, өлкенің тарих беттерінің маңыздылығын байыта түседі. Қазіргі уақытта құжаттарды цифрлық форматқа көшіру өзекті мәселелердің бірі, архив құжаттарының басым көпшілігінің мәтіндері өшкен құжаттарды бастапқы қалпына келтіруге жатады олардың сақтандыру көшірмелерін құру қажет. Бағдарламаны жүзеге асыруды әзірлеу барысында басқада мәселелерді шешетіндігіне сенімдімін: кадрларды дайындау, материалдық техникалық базаны заманауи құрылғылармен жабдықтау және архив қызметінің толықтай жандануына ықпал етеді.
«Балқаш қаласының мемлекеттік архиві»
КММ-нің басшысы А.Исабекова