Есімі қала тарихында
Социалистік Еңбек Ері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Нина Григорьевна Чекушинаның туғанына 90 жыл.
Чекушина Нина Григорьевна 1928 жылы шілде айында Жамбыл облысы Бурылбайтал селосында дүниеге келген.Нина Григорьевна Чекушинаның бүкіл саналы ғұмыры байыту фабрикасымен және тұтас Балқаш өндіріс аумағымен тығыз байланысты. Өзінің еңбек жолын 1945 жылы бастаған,№5 қолөнер училищесін бітірген соң, Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының байыту фабрикасындареагентші, флотатор, аға флотаторы болып еңбек етті. Жоғарғы сапалы өнім алудың жаңа әдістерін тәжірибеге енгізді, түсті метталургия жұмысшыларының арасында социалистік жарыстардың бастамашысы болды.Өзінің еңбек сүйгіштігінің, жауаптылығының арқасында ол қала мен облыс көлемінде ғана емес, мемлекет көлемінен тысқары жерлерге де танымал болды. Оның жоғары дәрежедегі кәсіпқойлығы, өмірлік тәжірибесі, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен нық сенімі көптеген жас буындарға үлгі болды.
Ол өзі туып өскен мекенінің патриоты бола отыра, облыстың, қаланың қоғамдық, саяси өміріне еркін әрі белсенді түрде араласты. Нина Григорьевна кәсіподақ комиссиясында әйелдер арасындағы төрағасы, металлургия саласындағы облыстық кәсіподақ комитетінің мүшесі болды. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін 1966 жылы Ленин орденімен, «Ерен еңбегі үшін»,
«Еңбекте ерекшеленгені үшін» медальдарымен марапатталып, 1973 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына лайық деп танылды. 1975 жылы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
2000 жылы Нина Григорьевна Чекушинаға «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Балқаш қалалық және облыстық халықтық депутаттар кеңесіне сайланды. ҚазақССР Жоғарғы Кеңесінің V шақырылымының депутаты болып таңдалды.
Мемлекеттік архивте«Социалистік Еңбек Ерлері-балқаштықтар» жеке құжаттар топтамасысақталуда. Аталған қор топтамасында Н.Г.Чекушинаныңөмірбаянына қатысты жеке құжаттары, еңбектегі және қоғамдық қызметтегі құжаттары, естелік, мақалалары мен фотоқұжаттары жинақталған. Қор құжаттары үнемі сұраныста.
Нина Григорьевна Чекушинамыс алыбы атанған өндірісті қаланың дамуына өзінің ерекше үлесін қосты. Балқаш қаласының тарихында көрнекті із қалдырды. Оның өмірі мен еңбек жолы жас ұрпақ үшін халыққа қызмет етудің және қазақстандық патриотизмді дамытудың жарқын үлгісі.
Шара Медеубаева,
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің
құжаттарды ғылыми қолдану, жариялау және
ҒАА жасау бөлімінің басшысы
Портрет
Обсуждает проект повышенных социалистических обязательств на 1974г На снимке: Н.Г.Чекушина., Беисов Ж.Б., Казарин В.Г., Дик Р., Шнайдер А. г.Балхаш, 1973г.
Балхашская медная обогатительная фабрика. Чекушина Н.Г. в цехе флотации, 1976г.
Встреча в Министерстве Цветной металлургии СССР с передовиками производство, приглашенными в г. Москву на празднование Дня металлурга 14 июля 1977г.
Встреча Чекушиной Н.Г. с командным составом, 24 марта 1976г.
Автобиография