1995 жылғы 30 тамыз
Қазақстан Республикасының Конституция тарихынан
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясындатұңғыш Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп тұжырымдалды. Негізгі Заң мемлекетіміздің алғашқы даму кезеңіне аса маңызды рөл атқарды және өтпелі кезеңнің Конституциясы ретінде тарихқа енді.Басталған реформаларды әрі қарай жалғастыру мен тереңдету үшін елеулі өзгерістер мен толықтырулар пайда болды.
1995 жылы наурыздажаңа Коституцияны әзірлеуге тәжірибелі құқықтанушылар мен заңгерлер арасынан сараптамалық-консультативтік кеңес құрылды.Олар жұмыс барысында жобаға мыңнан аса түзетулер енгізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың1995 жылғы 25 маусымдағы қаулысына сәйкес Негізгі Заң жобасын жалпыхалықтық талқылауы басталды.
Құжаттардың куәландыруымен, Конституция жобасын талқылауға балқаштықтар белсенді араласты. Іс жүзінде барлық еңбек ұжымдары мен жүздеген азаматтар жергілікті басқару органдарының рөлін көтеру және мемлекеттік тілдің мәртебесі мен мәні туралы өз пікірлерін айтты.
1995 жылы 26 шілдеде бірінші сайланған қалалық маслихат-депутаттаржиналысында балқаштықтардыңұсыныстары қарастырылып, қорытындыланды.
1995 жылғы 28 шілдедегі Президенттің Жарлығымен 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өткізу туралы жария етілді.
1995 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев талқылау барысында айтылғанұсыныстар мен толықтырулар, халықтың пікірлері ескеріліп, Конституцияныңсоңғы нұсқасына кол койды. 1 тамызда Конституция мәтіні бұқаралық баспасөз құралдарында жарияланды.
1995 жылғы 30 тамыздағы референдум бойынша қалалық аумақтық комиссиясы хаттамасына сәйкес 49437 балқаштықтар дауыс беруге қатысты, оның ішінде 45483 сайлаушылар Конституцияға «иә» деп дауыс берді.
Осындай қиын кезеңде Елбасы бастауыменбарлық миллиондаған қазақстандықтардың бірігуімен қабылданған Конституцияұжымдық еңбектің жемісі болып табылады.
Аз уақыт болсада Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды.
Бүгінгіеліміздің тұрақты даму жолындағы экономиканың өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатының жылдан-жылға жақсара түсуі егемендігімізбен, Ата Заңымызбен тығыз байланысты.
Шара Медеубаева,
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің
құжаттарды ғылыми қолдану жариялау,
ҒАА жасау бөлімінің басшысы
Члены экспертно-консультативного совета по разработке Конституции Республики Казахстан.