Мемлекеттік архивтің негізгі қызметтік бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік - құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау болып табылады.Мемлекеттік архив жыл сайын Қазақстан азаматтарымен, жақын, алыс шетел азаматтарының заңды құқықтарын қорғайтын 2000-ға жуық архивтік анықтамалар орындайды.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығыменбекітілген өзгертулер мен толықтыруларғасәйкес «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты» арқылы жүзеге асырылады. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015жылғы 23 маусымдағы қаулысымен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті анықталған.
Өтініштерді қабылдау және архивтік анықтамаларды беру мемлекеттік архив кеңсесі (көрсетілетін қызметті беруші), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ( бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкімет» веб порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі – архивтік анықтама 11 жұмыс күні ішінде беріледі.
Архив анықтамасы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді құрайды: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, білімін, азаматтық хал актілерін, құқық белгілеуші құжаттары т.б. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушыға хабарландырылады.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз, және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен қабылданады.
Мемлекеттік архивте өтініштерді қабылдау және архивтік анықтамаларды беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда «Электрондық үкімет» порталы арқылы түскен сұраныстар күн өткен сайын артып келеді (демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Электронды сұраныстарды қабылдау «Электрондық қызмет» белгісімен www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысты толтыру керек.
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетубүгінде мемлекет дамуының аса басты бағыты болып табылады. Бұл халық үшін қолайлы жағдай жасау,бюрократтыққа тосқауыл және көрсетілетін қызмет берушілер арасында жемқорлыққа жол бермеудің бірден бір жолы.
Сонымен қатар «Электронды үкімет» порталыжалпы көрсетілетін электрондық қызмет санынан 80 пайыздық деңгейге жету мақсатымен, «Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі тапсырманың шешу жолы болып табылады.
Аксана Исабекова,
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің басшысы