17/01/2025  Жұма
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазіргі уақытта архивте жалпы көлемі 48538 істен тұратын 201 қорбар, оның ішінде басқарушылық -30501, жеке қорлар – 640, ғылыми-техникалық – 727, жойылған мекемелердің жеке құрамы бойынша – 16670 сақтау бірліктері. Қор құжаттары қаланың тарихын, саяси, экономикалық, спорт және мәдени өмірінің маңызды оқиғаларын көрсетеді. Мемлекеттік сақтаудағы істердің мазмұнын ашатын мұрағаттық 406 істер тізімдемелері құрастырылған. Архив қорлары туралы және құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы толық мағлұмат беретін «Балқаш қаласының мемлекеттік архив қорларының анықтамалығы» шығарылды.

Архив қорындағы Прибалхашье жұмысшылар, шаруалар және қызыләскер депутаттар поселкелік кеңесінің, Балқаш қалалық халықтық депутаттар кеңесінің, Балқаш қалалық халықтық депутаттар кеңесінің, қалалық мәслихат, Балқаш қаласы, Қоңырат, Саяқ, Гүлшат кенттері әкімдері аппараттарының, Еңбек Қызыл Ту орденді мемлкеттік «Прибалхашстрой» құрылыс тресінің, Балқаш кен-металлургия комбинатының, Қоңырат, Саяқ кенттерінің, түсті металл өңдеу зауытының, Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының және тағы басқа да құжаттар аса қызығушылық тудырады.

Архив қорында қаланың дамуына өз үлестерін қосқан әр саланың үздік қызметкерлерінің (Ж.А.Әбуғалиев, А.Алимжанов, В.М. Александрова, М.М.Казбекова, Я.И.Пессин, С.В.Езерский, О.Кулмышев, Б.М. Махатова, Ж.Оспанов, Н.И.Калмыков, Ж.С. Тулендинов, және т.б.) жеке қорлары және «Балқаштық Кеңес Одағының батырлары», «Балқаштықтар Социалистік еңбек Ерлері», «Балқаш қаласының Құрметті азаматтары» тақырыптық топтамаларына ерекше көңіл аударылады.

«Н.Ә.Назарбаев-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы»,Тәуелсіздікті ту еткен Ағыбай батыр», «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев және Балқаш», «1941-1945жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы Балқаштықтар» құжаттар топтамасы зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырады.

Құжат көздерінің ерекше бөлімін бейнелеуші құжаттар құрайды.

Мемлекеттік сақтаудағы фото, аудио және бейнеқұжаттар-архив деректерінің бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік сақтауда қаланың 1930-2016 жылдар аралығындағы тарихынан, саяси-қоғамдық, мәдени және спорт саласы бойынша сыр шертетін 1779 фото, аудио және бейнеқұжаттар бар.

Бейнеқұжаттар қаланың қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және спорттық өмірі мен қоғамдық оқиғаларды баяндайды.

Мемлекеттік сақтауда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы Қазақстан Республикасының министрлігімен ведомстволардың өкілдерінің сапарлары туралы видеофонограммалар бар.

Мемлекеттік сақтауға азаматтардыңәлеуметтік-құқықтық сұранысты орындау негізінде таратылған ұйымдардың жеке құрам бойынша құжаттары қабылданды, оның негізінде сұраныстар орындалады.