Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 жылдығына орай мемлекеттік архив және Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының архивтік құжаттар негізінде мемлекеттік архивте «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам» виртуалды тарихи -құжаттық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Орталық мемлекеттік архивтен алынған құжаттар көшірмелері қойылды: Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар 25 наурыз1995 ж., 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткізу туралы 1995 жылғы 1 тамыздағы Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Конституция жобасына (ұсыныстар, пікірлер), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қол қойған негізгі Заң алғашқы рет ұсынылған, өзгерістер мен толықтырулар есебімен Конституция жобасының соңғы нұсқасының көшірмесі және фотоқұжаттар енгізілді.
Сонымен қатар балқаштықтардың референдумға қатысуы туралы ұсынылған құжаттар: 1995 жылғы 26 шілдедегі Балқаш қалалық маслихат сессиясының Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау туралы қаулысы, қалалық аумақтық комиссиясының дауыс беру нәтижесі есебімен референдумға қатысушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау бойынша хаттамалары қойылды.