17/01/2025  Пятница
Коммунальное государственное учреждение
Государственный архив города Балхаш
управления культуры, архивов и документации Карагандинской области

Егеменді еліміздің елордасы Астана қаласына 20 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаһандық табысына айналды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астананың 10жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық - Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне осылар».

Елорданы көшіру туралы шешімнің жемісті боларына, Астананың ертеңіне күмәнмен қарағандар да болды. Шешімнің қаншалықты маңызды болғанын әрбір қазақстандық жақсы біледі.Бірақ бұл – шын мәніндегі тарихи таңдау екендігін уақыт көрсетті.

 Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Осы тұсаукесердің мерекелік шараларына қала әкімінің шешімімен Балқаш қаласынан «Ветерок» балалар үлгілі би ансамблі, облыстық «Жас қанат» байкауының лауреаты Ж.Мукашев, және бір топ қолөнер шеберлері қатысты.

Мемлекеттік архивте Астана қаласының 20 жылдығына орай жоспарланған іс-шараларына сәйкесжаңа елорданың құрылу тарихына байланысты құжаттар жинақтақталуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорынан Астананы көшіру, жариялау,қайта атау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулыларының архивтік көшірмелері алынды. Жинақталған мәліметтер негізінде архивте«Ел жүрегі - Астана. Астана - символ независимого Казахстана» құжаттардың тұрақты көрмесі ұйымдастырылды.

Шара Медеубаева,

 Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің

құжаттарды ғылыми қолдану жариялау,

ҒАА жасау бөлімінің басшысы